Әлемдегі ең кәрі мысық 26 жасқа толды
Әлемдегі ең кәрі мысық 26 жасқа толды
2 жыл бұрын 741

Әлемдегі ең кәрі 26 жастағы мысық Екінші Тиффани Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Тиффанидің қожайындары Калифорния штатының тұрғындары. Мысық та 1988 жылы осы жерде туған. 10 апталық кезінде оны бүгінгі иесі Шэрон Вурхс сатып алған. Егер адам өмірімен есептейтін болса, Тиффанидің жасы 125-те. Осыншама кәрілігіне қарамастан жануардың денсаулығы жақсы, көзі де жақсы көреді. Тек қан қысымы жоғары. Айта кетейік, әлемдегі ең ұзақ жасаған мысық Крим Пафф 38 жыл өмір сүрген.

 

Мысықтарды азаптап өлтірген АҚШ тұрғыны 2 жылға сотталды

АҚШ-тың Коннектикут штатында бес мысықты қорлықпен өлтірген жігіт 2 жылға сотталды. Бұл туралы epochtimes.ru хабарлады. Қазір 21 жастағы Тимоти Ольшрфски күйеуінің үй жануарларын өлтіргенін мойындап отыр. Қаскүнем мысықтардың сүйектерін сындырып, тіпті ішкі органдарына дейін жұлып алған. Мысықтардың екеуі әлі көзін ашпаған марғау болғандары да анықталды. Олардың бәрін жігіттің қалыңдығы үй жануарларын құтқару бағдарламасы бойынша паналатқан екен.

0 пікір