Әлемде ең алғышқы әліппені жасағандардың қай халық екені анықталды
Әлемде ең алғышқы әліппені жасағандардың қай халық екені анықталды
7 жыл бұрын 4517 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы әлемде тұңғыш рет толыққанды әліппені жасаған ежелгі ұлыстың (ханаандықтардың) ұрпақтарын анықтады. Бұл жайындағы зерттеу нәтижесі American Journal of Human Genetics басылымында жарық көрді. Бұл туралы EurekAlert! ақпарат көзі хабар таратты. "Осы заманғы ливандықтар ханаандықтардың ұрпақтары болуы мүмкін",- деп мәлімдеді зерттеу авторларының бірі Марк Хабер. Ғалымдар мұндай тұжырымға қазіргі Сайда қаласында, көне Сидон қаласында шамамен төрт мың жыл бұрын өмір сүрген ханаандық бес адамның генін тексергеннен кейін келген. Оның нәтижесін осы заманғы 99 ливандықпен салыстырған екен. 

0 пікір
Мұрағат