Әл-Ула шөліндегі айна (видео)
Әл-Ула шөліндегі айна (видео)
2 ай бұрын 915 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Араб шөлінде, Саудия аумағында бастан-аяқ айнадан қаланған ғимарат Гиннес рекордтар кітабына енді. Араб тілінде «Марайя» (айна немесе шағылысқан бейне) деп аталатын концерттік залдың аумағы 9 740 шаршы метрді құрайды. Әл-Ула шөлі жөніндегі королдік комиссия (RCU) ғиамарттың төңіректегі көріністің табиғи қалпын бұзбау үшін бастан-аяқ айнадан қаланғанын мәлімдеді. Сәулетшілер осылайша шөлдің табиғи келбетіне көлеңкесін түсірмесі үшін тек бірыңғай айнадан тұрғызған ғимаратты Саудия билігі өз кезегінде әлемдік деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізілетін орталыққа айналдыруда мақсат етіп отыр. Яғни, ашық аспан астындағы табиғи ортамен үйлесім табуы тиіс аталмыш мәдени орталықта, сондай—ақ, көрме залы, музей, галерея болады. Осы жылдың қаңтар айының 31-і мен наурыздың 7-не дейін Desert X AlUl көрмесі өтті. Сөз орайы келгенде айта кетейік, әл-Ула шөлінде Гиннес рекордтар кітабыне енген айна ғимараттан бөлек ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген Мадаин-Салиһ көне шаһары бар.

P.S. Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның тікелей пәрменімен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформа аталған елдің экономикасын мұнай шикізатына тәуелділіктен құтқару мақсатында қолға алынғанын айта кетпеске болмайды. Аталмыш реформа аясында туризм саласына қатысты жобалардың өзі бір төбе. Десе де кезінде түрік сарапшылары саудиялықтардың бұл реформасының баяндылығына күмәнмен қарағанын жазған болатынбыз. Өйткені, Саудияның экономиканы әртараптандыру (диверсификация) бағытында жүргізіп жатқан реформасының өзі көбіне елді индустрияландыру бағытында емес, туристік сервис, ойын-сауық орталығын құру, т.б. қысқасы, баянды өсуге апармайтын жолды таңдап алған. 

0 пікір
Мұрағат