«әл-Жазираның» өзгеше жобасы
«әл-Жазираның» өзгеше жобасы
9 жыл бұрын 2767

Катарлық «әл-Жазира» телекомпаниясы Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне орай өзгеше жобаны қолға алды. Бұл жайында Palinfo ақпарат көзі хабар таратты. Осы мақсатта іске қосылған «Палестина ремиксі» деп аталатын сайт арқылы палестиналықтардың басындағы түйткілді мәселелер бойынша пікір алмасып, ой бөлісуге болады. Аталмыш сайтта оқырмандар өз мақалаларын, бейнежазбаларын және өзге де материалдарын орналастыра алады. Жобаның жетекшісі Раван ад-Дәменнің айтуынша, қазіргі уақытта бұл парақшада жалпы ұзақтығы 20 сағаттан асатын Палестина туралы деректі бейнетаспалар жарық көрген. Осынау ақпараттық ресурс бірнеше тілде, атап айтқанда, араб, ағылшын, босниялық және түрік тілдерінде жұмыс істейді.

 

0 пікір
Мұрағат