Әл-Азһар Ватиканмен арадағы диалогты жандандыратын болды
Әл-Азһар Ватиканмен арадағы диалогты жандандыратын болды
9 жыл бұрын 2931

Ислам әлемінің аса ірі білім беру орталығы саналатын Мысырдағы әл-Азһар университеті Ватиканмен арадағы диалогты жандандыруды көздеп отыр. Бұл жайында аталмыш ислами жоғары оқу орнының имамы Аббас Шуман мәлімдеме жасады. Әл-Азһар Ватиканмен арадағы диалогты 2011 жылы үзген болатын. Бұған сол кездегі Рим Папасы Бенедикт XVI-ның мысырлық христиандардың құқығының қорғалмай отырғаны жөнінде біржақты әрі субьективті мәлімдеме жасағаны себеп болған еді. Жуырда әл-Азһар университетінің қабырғасында ислам мен терроризм тақырыбына арналған халықаралық конференция өткен болатын. Осынау жиында бейбіт тұрғындарға зорлық-зомбылық көрсету оқиғаларының көбейіп кеткені сөз болды. Зорлық-зомбылықтың қандай да бір түрі болмасын, исламға жат екені де айтылмай қалмады.

0 пікір
Мұрағат