Әл-Ақсаның ішін көргіңіз келcе... (видео)
Әл-Ақсаның ішін көргіңіз келcе... (видео)
4 жыл бұрын 5332 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдердің Раббысы Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) күнделікті бес уақыт намазды жамағатпен оқуды бұйырғанда мұсылмандар алғашында қасиетті Құдысты құбыласы еткен еді. Бұл жайында aboutislam.net ақпарат көзі хабар таратты. Құдыс исі мұсылман үшін қасиетті Мекке мен Мәдинадан кейінгі маңызды мекен. Қарып түсер қызған топырағына қасиетті Құранда аттары аталған пайғамбарлардың табаны тиген жер. Тарихы Сүлеймен, Дәуіт, Иса, т.б. пайғамбарлармен тығыз байланысты өлкеден Екі әлем сардары (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) миғражға аттанған. Осы айтулы оқиғадан кейін Құдыстың мұсылмандар үшін маңызы арта түсті. Құдыстағы Ақса мешітін ішінен де, сыртынан да тамашалығыңыз келсе, арабтардың Aljazeera телеарнасы таспаға тартып алған төмендегі видеоны назарларыңызға ұсынамыз.

0 пікір
Мұрағат