Ағылшын ғалымдары Иса пайғамбардың шынайы түр-тұлғасын анықтады
Ағылшын ғалымдары Иса пайғамбардың шынайы түр-тұлғасын анықтады
6 жыл бұрын 10532 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әдетте Иса пайғамбардың есімі аталған жерде, көз алдымызға иконда бейнеленгендей шашы иығына түскен, қуқыл жүзді, арық адам келеді. Ал ғалымдар не дейді? Олардың айтуынша, біздің заманымызда қалыптасқан үйреншікті бейне Иса пайғамбардың шынайы түр-тұлғасына мүлдем ұқсамайды екен. Ұқсағаны былай тұрсын, ғалымдар сипаттап берген Иса пайғамбардың бет-бейнесі басқа адамды көз алдыңа әкеледі. Нақтырақ айтқанда, Лондон қаласындағы королдік колледждің профессоры Джоан Тейлордың қаламынан туған «Исаның түр-тұлғасы қандай еді?» деп аталатын кітабында келтірілген деректе: Інжілде айтылғандай, Иса біздің дәуіріміздің 4-ші жылында Вифлеемде дүние келген иудей. Ол Мысырда аз уақыт тұрып, Назаретке қоныс аударған. Профессор LiveScience басылымына берген сұхбатында сол заманғы Иудейдегі және Мысырдағы еврейлердің сыртқы бейнесінен хабар беретін археологиялық бұйымдар мен мәтіндерге назар аударғанын жеткізген. Сондай-ақ, ол мысырлық мумиялар мен тиындарға да назар аударған екен. Оның зерттеу нәтижесіне сенсек, Иса пайғамбардың бойы шамамен 1,7 м болған. Бұл сол кездегі Иудейдегі ерлердің бойына тән өлшем болған. Ол бұл тұжырымын сол кездегі аталған аумақтан табылған адам қаңқаларына қарап жасаған екен. Сондай-ақ, сол замандағы Мысыр мен Иудейдегі адамдардың көбісінің көз қарашығының қара, шашы да қара болғанын, қара торы келгенін алға тартып отыр. Өйткені, археологиялық, тарихи деректер осындай. Иудей мен Еуропа арасында, сондай-ақ, Иудей мен Эфиопия арасында өзара сауда-саттық және саяси байланыс жолға қойылғанын айта келіп, еврейлер мен мысырлықтар көбіне аққұба еуропалықтармен көңіл жарастырып, шаңырақ көтергенін де келтірді. Сол кездегі еврейлер шашын да, сақалын да қысқа етіп қидырып отырған. Иса пайғамбар да замандастары секілді қысқа шашты болған. Евангелияда Иса пайғамбар ағаш ұстасы, көп саяхаттаған адам ретінде суреттелген. «Исаның түр-тұрпаты еңбек адамына көбірек келеді. Сол себепті, оны әдеттегідей еңбек етпеген адам секілді сипаттағанды қою керек»,- деп тұжырыпты профессор.

0 пікір
Мұрағат