Африкалық медресе шәкірттерінің Құран жаттайтын тақтайшасы (фото)
Африкалық медресе шәкірттерінің Құран жаттайтын тақтайшасы (фото)
5 жыл бұрын 3833 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африкалық медреседен білім алғысы келетіндер ең алдымен ағаш тақтайшаны пайдаланып үйренуі керек. Қағазды үнемдеуге мүмкіндік беретін бұл тақтайша көпке шыдайды. Жалпы, ағаш тақтайша – Африка құрлығындағы дәстүрлі білім берудің жүздеген жылдар бойы пайдаланылып келе жатқан ажырағысыз элементі.  Қағаз жетіспейтіндіктен немесе қағаз жасау технологиясының кейін келуінен африкалық медресе шәкірттері ұзындығы шамамен 50 сантиметр, ал ені 20 см болатын ағаш тақтайшаны пайдаланады. Ол «ляух» деп аталады. Араб тілінен аударғанда «тақта» мағынасын береді. Медресе шәкірттері өздері үйлен жасап әкелген қаламдарын сияға матырып, ағаш тақтайшаға қасиетті Құран аяттарын жазады, жаттайды. Жаттап алған соң оны сумен жуып-шаяды да келесі дәріске дайындап қояды. Ал қасиетті Құран аяттары жазылған ағаш тақтайша жуылған соң оның суын кей өңірлерде емдік мақсатта пайдаланады. Жергілікті тұрғындар қасиетті Құран аяттары жазылған сияның емдік қасиеті бар деп сенеді. Ляух тек медресе шәкірттерінің оқу құралы ғана емес, сонымен қатар, өнер туындысы да болып табылады. Оның жан-жағын, жақтауын өрнектеп, безендіріп қояды.

Hafızayı tahtaya kazımak

Sudan'ın Darfur bölgesindeki bir medresede öÄrenciler tahta levhalarıyla eÄitim görüyor.

ÃÄrencilerin tahta levhaları kullandıÄı Moritanya medreselerinden bir fotoÄraf.

Ãzerine Fatiha süresi ve Bakara süresinin ilk 5 ayeti yazılı olan tarihi bir levha.

Fatiha süresi yazılı olan ve çevresi iÅlenmiÅ, Nijerya'ya ait bir tahta levha.

Moritanya'dan üzerine Ä°nÅirah süresi iÅlenmiÅ bir tahta levha.

0 пікір
Мұрағат