Адам ойын оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама жасалды
Адам ойын оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама жасалды
9 жыл бұрын 4722

Америкалық нейробиологтардың айтуынша, адам ойын оқуға әбден болады екен. Осы мақсатта арнайы компьютерлік бағдарлама ойлап тапты. Ол адам миының белсенділігін анықтап, оны сөзге айналдыра алады. Беркли елді-мекеніндегі Калифорния университетінің ғалымдары ашқан аталмыш жаңалық өз кезегінде сал болып қалған немесе томаға тұйық адамдармен тілдесуге мүмкіндік береді. Сіз қандай да бір мәтінді оқығанда өз санаңызда ол жаңғырып тұрады. Міне, осының негізінде ойды оқуға болады екен. Ғалымдардың сал болып қалған немесе томаға тұйық, сөйлеу мүмкіндігі жоқ адамдармен тілдесуге мүмкіндік беретін медициналық протез жасауға кіріскенін айта кету керек. Бұл жайында New Scientist ақпарат көзі хабар таратты.

Алғашқы тәжірибе эпилепсиямен сырқаттанатын бірнеше пациенттерге қолданылған болатын. Оларға мәтінді ауызша айтуды, артынан іштей қайталауды талап еткен. Ғалымдар олардың миының белсенділігін талдағаннан кейін алгоритм жасаған. Ол оқылған ақпаратты визуалды жолмен анықтаған көрінеді.

0 пікір
Мұрағат