«Абай жолы» романын смартфон арқылы онлайн режимде тыңдауға болады
«Абай жолы» романын смартфон арқылы онлайн режимде тыңдауға болады
7 жыл бұрын 3490 Baq.kz Қымбат Елтайқызы

«Абай жолы» роман-эпопеясын ендi смартфон арқылы онлайн режимде тыңдауға болады. Бұл туралы Мемлекеттiк тiлдi дамыту қорының директоры Азат Шауеев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте айтты. 

Бүгiнгi жиын барысында қор «Soyle.kz» порталының IOS платформасындағы мобильдi қосымшасы мен патриоттық тақырыптарға арналған басқа да қосымшалардың тұсаукесерiн өткiзген болатын.

«Бiз жобаларды халыққа қазақ тiлiн үйренуге қолжетiмдi ету мақсатында жасап отырмыз. 2013 жылы ашылған қазақ тiлiн тегiн үйрететiн тұңғыш «Soyle.kz» онлайн порталының дизайнын жаңартып, жаңа қызметтер қостық. Қазiр көпшiлiк IOS бағдарламасын жиi қолданады екен, сондықтан IOS-қа арналған қосымша жасап отырмыз. Сондай-ақ, бiздiң қордың балаларды мектепке даярлайтын, жан-жақты дамытатын, әлiппеден бастап санамаққа дейiн үйрететiн «bala.soyle.kz» сайты бар. Және де балаларға арналған тұңғыш әдеби сайт – «Tattialma.kz» жұмыс iстейдi. Олардың да мобильдi қосымшасы бүгiн таныстырылуда. Бүгiн «Аbaialemi.kz» онлайн-энциклопедиясының мобильдi қосымшасын ашып отырмыз. Энциклопедияға қазiр күнiне дүние жүзiнен 1,5-2 мың адам кiредi. Абайдың 170 жылдығына орай ашылған жобада ақынның барлық шығармалары және Абайға қатысты барлық еңбектер, ғылыми зерттеулер жинақталған. «Абай жолы» романының түрлi аудармалары да орналастырылған», - дедi А.Шауеев.

Азат Шауеевтiң айтуынша, қазiр көпшiлiк мобильдi қосымшаларға смартфон арқылы кiредi. Сондықтан ыңғайлы болсын деп «Аbaialemi.kz» энциклопедиясында «Абай жолы» романын оқымай-ақ, онлайн режимде тыңдауға болатындай жүйе жасалған. Осылайша, мобильдi қосымшаны қосып қойып, «Абай жолы» романын кез келген жерде тыңдауға болады.

«Қорымыз ресми iс-қағаздарды жүргiзудi үйрететiн тұңғыш «Quzhat.kz» тегiн интернет порталы мен қазақ мәдениетi мен тарихын қамтитын «Жетi қазына» мобильдi қосымшасын әзiрлеуде. Бұл жобалардың барлығы ҚР Тұңғыш Президентi-Елбасы қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтiк жобаларды дамыту қорының қаржысына жүзеге асты», - деп қорытындылады А.Шауеев. 

0 пікір
Мұрағат