85 жастағы қария білім алудың ешуақытта кеш болмайтынын дәлелдеді
85 жастағы қария білім алудың ешуақытта кеш болмайтынын дәлелдеді
8 жыл бұрын 2580

Мунира Хамза есімді Тунистің 85 жастағы тұрғыны француз әдебиеті бойынша диссертация қорғап, ғылым докторы атанды. Мұндай жаста осындай ғылыми атақ алған араб әлеміндегі жалғыз әйел өз ойымен бөлісті: «Меніңше, әрбір адамның өміріндегі ең басты мақсат – жұмыс істеп, мұратына қол жеткізу. Бойымда азды-көпті күш-қуатым барда алға ұмтылатын боламын»,- дей келе осынша жасқа келсе де өзін тың сезінетінін жеткізді және оның құпиясымен бөлісті: «Мен әрдайым спортпен шұғылдандым. Дұрыс тамақтанып, түрлі іс-шаралардан қалмадым».

 

 

0 пікір
Мұрағат