3D форматындағы «Қазақстан энциклопедиясын» енді ғаламтордан табуға болады
3D форматындағы «Қазақстан энциклопедиясын» енді ғаламтордан табуға болады
9 жыл бұрын 3895

Қазақстанның бүгіні мен өткенін баяндайтын интернет жоба «Қазақстан энциклопедиясын» енді ғаламтор арқылы әлемнің кез келген жерінен көруге болады.

Таңдай қақтырар әсем табиғатымыз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін 3D форматындағы бейнебаяндар түсіру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылмақ.

Шымкентте зиялы қауым өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар және облыстық ұлттық-мәдени орталық төрағалары бас қосып, жаһандық дамудың тура жолын көрсетіп берген жобаны бірлесіп жүзеге асыру жағын талқылады.

Облыстық әкімдікте өткен жиынға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әзілханов «Елбасының 5 институционалдық реформасы мемлекетімізді одан әрі нығайтып, күрделі кезеңдерден қиналмай шығуға бағытталған жоба», - деп, оны жұрт болып, жұмыла жүріп жүзеге асыруға шақырды.

1 пікір
Мұрағат