2016 жылы хижра және ай күнтізбесі бірлігінің халықаралық конгресі өтеді
2016 жылы хижра және ай күнтізбесі бірлігінің халықаралық конгресі өтеді
9 жыл бұрын 19510

Түркияның дін істері жөніндегі министрлігі ислам елдерінде хижра жыл санауы бойынша бірлік пен ынтымақты, яғни, мұсылманша күнтізбе сәйкестігін қамтамасыз ету әрі діни мерекелер күніндегі айырмашылықты жою мақсатында келесі жылы, көктемнің алғашқы айында, яғни, 2016 жылдың наурыз айында халықаралық конгрес өткізуді жоспарлап отыр. Бұл айтулы жиынға ислам ғалымдары мен мұсылман және батыс елдерінің астрономдары арнайы қатысатын болады. Осы мақсатта Дін істері жөніндегі басқарманың бастамасымен 2013 жылдың ақпан айының 18-і күні алдын ала дайындық ретінде үш жиын өткізіп үлгерді. Түркияның дін істері жөніндегі құзыретті органның жетекшісі, профессор Мехмет Гөрмез ел астанасы – Анкара қаласындағы Білкент Отелде өткен жиында сөйлеген сөзінде ислам әлемінің қиын да қысталаң шақтарды бастан кешіріп отырғандығына тоқталып, мұндай шараның үмбеттің ауызбіршілігін қалыптастырудағы үлесі мен маңызын тілге тиек етті. Күнтізбедегі айырмашылыққа әр елдің географиялық орналасу ерекшелігі себеп болатыны ескерілген күннің өзінде бұл мәселені шешудің өзектілігі мен қажеттілігі бәрібір сезіледі. Тіпті, мұсылман мерекелерін айтпаған күннің өзінде қажылық сапарына қатысты уақыт айырмашылығын еңсерудің маңызы зор.    

0 пікір
Мұрағат