Улы пластикпен қоректенетін бактерия табылды
Улы пластикпен қоректенетін бактерия табылды
4 жыл бұрын 3133 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар негізі полиуретаннан тұратын пластикті жоюға көмектесетін микроорганизмді тапты. Бұл жайында ScienceDaily ақпарат көзі хабар таратты. Ал полиуретанның өзі негізі майдан тұратын, кеңінен тараған пластик. Оны зардабын болдырмай жою мүмкін емес. Ол ыдырағанда (шіріген кезде) уды химиялық заттар бөледі. Десе де кей микроорганизмдер бұл қосындыны тұтынған кезде зат алмасу процесін жоғалтпайды. Ғалымдар негізі полиуретаннан тұратын пластмассаны ыдырату үшін пайдалануға жарамды мұндайэкстремофил бактерияның штаммын анықтай алды. Аталмыш зерттеудің барысы мен нәтижесі Frontiers in Microbiologyмерзімді басылымында жарияланды. Неміс ғалымдары Pseudomonas sp. TDA1 бактериясын сипаттап бере алған еді. Осы мақсатта гендік анализ жүргізіп, микроорганизмге пластмассадағы белгілі бір химиялық қосындыларды қорытуына көмектесетін факторлар туралы алдын ала тұжырымдарын жасады. Белгілі болғандай, жаңа штамм органикалық қосындылар мен стрестің өзге де түрлеріне төзімді бактериялар тобының бір бөлігі болып табылады. Бұл бағыттағы зерттеудің – негізі майдан тұратын пластмассаны толық биологиялық жолмен ыдырайтын материалға айналдыруды көздейтін  Еуропалық одақтың ғылыми бағдарламасының бір бөлігі болып табылатынын айта кету керек.

P.S. Біз сөз етіп отырған бактерияның маңыздылығы сонда, оның адамзатқа тигізер пайдасы ұшан-теңіз: ғаламдағы шешілуі қиын көптеген проблемаларды еңсеруге көмектеседі. Экстромофил бактериялары Цельсия бойынша 150 градсуқа дейін өлмейді. Ол Арктиканың кереқарыс мұзында да, күкіртті қышқылда, радиоактивті табытта да, т.б. өлмейді. Аталмыш микроорганизм пластикті ыдыратып қоймай, сонымен қатар, пайдаланылған ядролық отынды, төгілген мұнайды жойып, олардың қоршаған ортаға залал-зардабын болдырмайды.

0 пікір
Мұрағат