Ұдайы ашығуды сезіну қандай аурудың белгісі
Ұдайы ашығуды сезіну қандай аурудың белгісі
5 жыл бұрын 2480 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұдайы ашығу сезіну сусамыр дертіне шалдыққанның белгісі болуы мүмкін. Бұл жайында "МедикФорум" ақпарат көзі  Мэтью Кейпхорна есімді британиялық дәрігерге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Оның айтуынша, адам тойып тамақтанып болған соң көп уақыт өтпей тағы ашығуды сезінсе, мұндай адам міндетті түрде дәрігерге қаралып, медициналық тексеруден өтуі тиіс. Ол денсаулығында кінәрат жоқ адамның тойып тамақтанған соң алты сағатқа дейін қарны ашпауы керектігін алға тартып отыр. Сонымен қатар, ұйқыға жатар алдында адамның араны ашылып, ұдайы шөлдесе, бұл да қант диабетінің белгісі болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат