Туберкулезге қарсы төңкеріс жасайтын вакцина сынақтан өтті
Туберкулезге қарсы төңкеріс жасайтын вакцина сынақтан өтті
4 жыл бұрын 2519 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Африка республикасының ғалымдары өз еркімен қатысқан мыңдаған науқасқа, дәлірегі, 3500 адамға туберкулезге қарсы төзімділігімен төңкеріс жасайтын екпені егіп, клиникалық сынақтан өткізді. Нәтижесінде екпе алғандардың 50%-ның ағзасында аталған дерттің өршуі тоқтаған.  Адамдардың денсаулығын нығайтуға бағытталған аталмыш тәжірибе нәтижесі The New England Journal of Medicine мерзімді басылымында жарияланды. Туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектің неше түрлісі бар. Соған қарамастан жыл сайын күллі әлем бойынша 1,5 млн-нан аса адам аталған дерттен бақилық болып жатады. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген вкацинаның пайдаланылғанына бір ғасырдан асып кеткен. Оның елеулі кемшіліктері жетіп артылады. Соның ішінде ересектерге тигізер пайдасы шамалы – туберкулездің жабық түрін жұқтырғандар үшін еш пайдасы жоқ. Ал жаңа вакцина туберкулездің жабық түрін жұқтырғандарға да тиімді болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат