Туберкулезді кәдімгі ацетилсалицилді қышқылмен-ақ емдеуге болады
Туберкулезді кәдімгі ацетилсалицилді қышқылмен-ақ емдеуге болады
14 күн бұрын 267 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдардың айтуынша, туберкулез қоздырғышымен антитромбоцитарлық дәрілердің, соның ішінде ең белгілісі әрі арзаны болып табылатын, халық арасында аспирин деген атпен танымал ацетилсалицилді қышқылдың көмегімен тиімді күресуге болады. Бұл жайында Medicalxpress ақпарат көзі хабар таратты. Туберкулез әлемдегі ең қауіпті инфекциялық ауру ретінде танылған. Жыл сайын аталған аурудан 2 млн адам бақилық болып жатады. Туберкулезді емдеу ақысы қымбат әрі оның үстіне, туберкулездің микобактериясының антибиотикке төзімділігі артып келеді. Бұл өз кезегінде емдеуді қиындатады. Австралия астанасы – Сидней қаласында орын тепкен «Жүз жылдың институты» ғалымдары туберкулезден иммундық қорғану жолдарын зерделей келе патогендік бактерияның иммундық жүйеден тромбоцитте – қан тамырының зақымданған жерінде қан ұйығының (тромб) пайда болуына себеп болатын жасушада жасырынатынын анықтады. Ғалымдар бұл фактіге туберкулез жұқтырған Данио балығын бақылау арқылы көз жеткізген. Осыдан кейін қанның тұтқырлығын төмендету үшін тромбоцитке қарсы пайдаланылатын арзан әрі қауіпсіз ацетилсалицилды қышқылды қолданған екен. Мұндай емдеу нәтижесінде дімкәс балықтың қанындағы бактериялар мөлшері антибиотиксіз екі есеге кеміген болатын. Ғалымдар балыққа қатысты тәжірибемен шектеліп қалмай, туберкулезбен ауыратын науқастарды қолданған екен. Ацетилсалицилді қышқылды қабылдап жүргендердің халі қабылдамағандарға қарағанда әлдеқайда жақсы болған.

0 пікір
Мұрағат