Технология: Болашақта экрандар сезімтал болады
Технология: Болашақта экрандар сезімтал болады
2 жыл бұрын 653

Сіз досыңызды чат арқылы қандай бір бейнемен немесе сөзбен жұбатқаныңмен оның иығынан қағып, қайғысына ортақтаса алмайсыз. Я болмаса қандай да бір тауар сатып алып, оны өзге тауарлармен салыстырасыз, бірақ, сатушының көзіне үңіле алмайсыз. Осылай кете береді. Электронды операциялардың тиімді жағы мен қолайсыз қырлары туралы талай әңгіме қозғауға болады. Әдетте ғаламторды пайдаланғанда біз оның өз басымызға қолайлы болғанын алдымен қалаймыз да адами қатынас пен өзара жеке байланысты ескерусіз қалдырып жатамыз. Бізге адамдарды бір-бірімен жақындастыру арқылы әлеуметтік аспектіде аса маңызды рөл атқаратын, яғни, біріктіретін, өзара сенім тудыратын жанасу факторы жетіспей жатады. Мәселен, өз пациентіне аялы алақанымен жанасу арқылы аурудың бойындағы күйзелісті басып, тез оңалып кетуіне оң ықпал етеді. Тізе берсек, өмірден мұндай мысалдарды сан мыңдап келтіруге болады. Онлайнда тек адамның жанасуы секілді фактор ғана жетіспейді. Әлеуметтанушылардың сөзіне қарағанда өз өнімін саудалаған саудагердің тауары тез өтетін көрінеді. Міне, осындай адами факторларды ескерген Стэнфордтың Эллисон Окамура есімді инженері мен оның әріптестері тактилді құрылғымен жұмыс істеп жатыр. Ол мәтін мен обьекті пішінін синтездеп қана қоймай, ғаламтор пайдаланушының әр қимыл-қозғалысына жауап қатады, яғни, сезімтал келеді екен. Мұндай құрылғылар әдетте роботталған хирургияда пайдаланылады. Яғни, ота жасап жатқан дәрігерлерге хирургиялық аспап арқылы ұлпаны сезуіне мүмкіндік береді. Аталмыш жүйе мәтінді теру кезінде оны барынша табиғи сезінуіңіз үшін тачскриннің белгілі бір нүктесінде дірілді (вибрация) локалды (тек жанасқан жеріңізге) жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда, бұл түрпідей тиюі мүмкін діріл – тек алғашқы қадам. Осынау құрылғыны жасау барысында бірте-бірте дәлме-дәл нақтылыққа құрылған жасанды жанасуды тудыратын сан түрлі технология қолданылуда. Локалды форма мен текстура электрлі дабылмен белсенділігі артатын байланыстар жиынымен беріледі. Сондай-ақ, тачскриндердің өзге типтері де қолданылатын болады. Бұл өз кезегінде теріге электр тогын өткізетін және жасанды жолмен жүйкеңізге әсер ететін электродтар жиыны арқылы жанасуды әлдеқайда терең сезінуге мүмкіндік береді.

0 пікір