Технология: «Ақылды» экран пайда болды
Технология: «Ақылды» экран пайда болды
9 жыл бұрын 4982

Жанары жасық немесе көру қабілетінде кінәрат бар, яғни, алыстау нәрсені ажыратқанымен мұрын астындағысын «шырамыта» алмайтын немесе жақыннан жақсы көргенімен қашықтан «қағыс» көретіндер үшін «ақылды» экран пайда болды. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Осы технологияның арқасында көру қабілетінде әлгіндей «ақауы» бар адамдар ендігі жерде комьютерге үңілсе көзілдірік тағып жатпайды. Тарқатып айтқанда, Беркли қаласындағы Калифорния университетінің және Массачусет технологиялық институтының ғалымдары ойлап тапқан аталмыш технология жүйесі экрандағы бейнені жанардың кінәратына қарай өзгертіп көрсететін болады.

 

0 пікір
Мұрағат