Танымал саясаткер 1638 жылы жасалған қазақ даласының картасын жариялады
Танымал саясаткер 1638 жылы жасалған қазақ даласының картасын жариялады
8 жыл бұрын 2661 Baq.kz Фото: Ерлан Қарин

Қазақстандық танымал саясаткер Ерлан Қарин 1638 жылы қағазға түсірілген қазіргі Қазақстан териториясы белгіленген картаны жариялады. Ол бұны АҚШ-қа жасаған сапары барысында сондағы мұрағаттардың бірінен қолына түсіргенін айтады.

Саясаткер өз олжасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бұл 1638 жылы Франкфуртта түсірілгенін айтқан.

"Қараңыз, қандай керемет нәрсені тауып алып келдім - АҚШ-қа сапар алдында, бірнеше ай бұрын, американдық әріптестер-достарыммен хабарласып, тапсырма беріп, солардың көмегімен, Қазақстанның тағы бір ескі картасын қолға түсірдім. Бұл карта 1638 жылы Франкфуртта басылған екен. Осының бұрын копиясы едi, едi түпнұсқасы" - деп жазады Ерлан Қарин.

Картада сол кездегі тарихи атаулар, "Ноғай", "Ақ орда", Қазақ-татарлар", "Жоңғария" қатарлы жер атаулары мен териториялық көріністер анық белгіленген.

Алаш мұрасына, жалпы қазақ тарихына ерекше дең қойып жүрген саясаткердің бұл олжасын желі қолданушылары жоғары бағалады.

0 пікір
Мұрағат