Табиғи апаттар туралы хабар беретін метеоспутник ұшырылды (видео)
Табиғи апаттар туралы хабар беретін метеоспутник ұшырылды (видео)
6 жыл бұрын 17509

АҚШ Atlas V зымыран тасығышымен бірге метеоспутник ұшырды. GOES-S Күн мен Жерді бақылауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылармен жабдықталған. Аталған спутник табиғи апаттар туралы алдын ала мәлімет алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап. 

1 наурыз күні United Launch Alliance компаниясы Флорида штатында орналасқан Канаверал мүйісінен Atlas V зымыран тасығышымен бірге GOES-S метеорологиялық спутник ұшырды. Спутник зымыран тасығыштың жоғарғы бөлігіндегі арнайы капсулаға орнатылды. Бұл капсула зымыран белгілі бір биіктікке көтірілген соң ажырайды.

Аппарат АҚШ Ұлттық басқармасына мұхиттер мен атмосфера туралы зерттеулердің нәтижесін жіберіп отырады. Осы спутниктің көмегімен боран, дауыл, топан су секілді апаттардан алдын ала хабардар болып отыруға болады. Мұнымен қатар, ол GOES-S ормандағы өрт пен жанартаулар туралы көбірек ақпарат алуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат