Суға батпайтын металл жасалды (видео)
Суға батпайтын металл жасалды (видео)
10 күн бұрын 787 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар металдың беткі жағын судан айрықша «жеритін», яғни, супергидрофобты ерекшелікті дарытатын жаңа технологияны ойлап тапты. Мұндай материалдан жасалған бұйым зақым келсе де суға батпайтын болады. Бұл туралы islam.kz ақпарат көзінің сілтемесімен толығырақ ACS Applied Materials and Interfaces мерзімді басылымынан біле аласыздар. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, АҚШ-тағы Рочестер университетінің ғалымдары қытай әріптестерімен бірігіп, фемтосекундтық лазердің көмегімен металдың беткі жағын өңдейтін технологияны ойлап тапты. Мұндай өңдеуден кейін металл аса күшті гидрофобты ерекшелікке ие болады. Одан жасалған немесе құрастырылған қандай да бір бұйым су түбіне кетпейді. Лазермен күйдіру металдың беткі жағында ауаны қармап әрі ұстап қалатын микро және наномөлшеріндегі құрылымды түзетін болады. Металдың күштеп суға батырған кезде ауа көпіршігі пайда болып, оны сыртқа итереді. Мұндай бұйым тесілсе немесе басқылай зақым келсе де суға батпайды.

0 пікір
Мұрағат