Суды күннің шуағымен тұшшыландырады
Суды күннің шуағымен тұшшыландырады
5 жыл бұрын 2478 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралияның Мельбурн қаласындағы университет қабырғасында күн энегриясымен жұмыс істейтін су тұшшыландыратын құрылғы ойлап табылды. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, өздері ойлап тапқан бұл жүйе су тапшылығының зардабын тартып отырған елдерге көп көмегін тигізбек. Бұдан бөлек, суды сүзгіден өткізетін және суды тазартатын дербес құрылғысы жоқ тұрғындар да аталмыш жүйенің игілігін көре алады. Аталмыш құрылғы, сонымен қатар, су сақтайтын қоймасы мен өзені жоқ елдерге де қолайлы болмақ. Суды күн қуатымен тұшшыландыру үшін Австралияда жасалған парогенератор суды тартатын материалдан жасалған дискілерден тұрады. Көміртекті наноқұбырлар күн энергиясын жылуға айналдырады. Су дискінің ортасына түскеннен кейін буланады да тұзы автоматты түрде дискінің шетіне ығыстырылады.

0 пікір
Мұрағат