Спутниктен түсірілген тайфунның рекордтық көлемі (фото)
Спутниктен түсірілген тайфунның рекордтық көлемі (фото)
2 жыл бұрын 1071

Италия астронавы Саманта Кристофоретти Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында үстіміздегі жылдың наурыз айының 31-і күні Тынық мұхитының Яп шағын аралын басып өткен Майсак тайфунының рекордтық көлемінің спутниктен түсірілген суретін жарялаған екен. Нақтырақ айтқанда, бұл сурет Халықаралық ғарыш стансасының бортынан түсірілген. Өткен аптаның бас кезінде, яғни, дүйсенбіде осынау стихиялық дүлей құбылысқа супертайфун деген «атақ» берілді. Біз сөз етіп отырған Майсак бірнеше рет рекорд орнатқанымен осы жолғысы бұрынғыларын он есе орап алып кеткен. Мәселен, сәуірдің 4-і күні осы тайфун Филиппинге дейін жеткен.

0 пікір