Шөлде ауадан су алу жобасы басталды
Шөлде ауадан су алу жобасы басталды
3 жыл бұрын 2694 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің Zero Mass Water технологиялық компаниясы аса ауқымды инновациялық жобаны бастады – шөлде ауадан ауыз суын өндіруге қатысты жоба судан тапшылық көріп отырған шөлді аймақта орналасқан елдің стратегиялық маңызы зор жоба ретінде бағаланып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біз тыныс алатын ауа құрамының 95%-на жуығы су буынан тұрады, негізінен жаңбыр, теңіз, мұхит, өзен-көл суының булануынан пайда болады. Дәлірегі, ауа құрамында 12 000 млрд литр су бар, оны су ресурстарын, энергия үнемдеу үшін пайдалануға болады. Zero Mass Water компаниясы осынау жобасы күн энергиясының көмегімен су буын сіңіретін 1250 панелді шөл далаға орнатуды ұйғарады. Сүзгімен жабдықталған бұл машина су молекулаларын, тіпті, ластанған ауадан да жинай алады. Инновациялық жобаны жүзеге асыратын орын ретінде Дубай қаласының маңайы таңдалды. Екі панелдің өзі ішу мен тағам әзірлеу үшін үй шаруашылығының қажетін өтеуге жететін сумен қамтамасыз ете алады.  Аталмыш инновациялық концепцияны жері шөл және шөлейтті болып келетін Таяу Шығыс аймағында жүзеге асырған тиімді.

0 пікір
Мұрағат