Саудиялық ғалым ақпаратты су астынан берудің сымсыз жүйесін ойлап тапты
Саудиялық ғалым ақпаратты су астынан берудің сымсыз жүйесін ойлап тапты
4 жыл бұрын 4095 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білетіндей, радитолқын су астында нашар тарайды. Бұл өз кезегінде сүңгушілер тарапынан және суасты кемесінен құрлыққа ақпаратты жөнелтуге мүмкіндік беретін байланысты қиындатады. 2018 ылы корол Абдоллар атындағы ғылым және техника университетінің (KAUST) аспиранты Абдолла әл-Халафи мен оның ғылыми жетекшісі Басем Шиһада су астында HD-видеоны жіберуге мүмкіндік беретін сымсыз оптикалық байланысжүйесін ойлап тапқан болатын. Міне, осы технология негізінде жаңа жүйе жасалып, Aqua-Fi деген атауға ие болды. Аталмыш жүйе қалай жұмыс істейді? Мәселен, аквалангист қабы су өткізбейтін смартфон арқылы видео немесе фото ақпарат жібереді. Алдымен ол ауа толтырылған баллон жанындағы шағын құрылғыда радиотолқын түрінде трансляцияланады. Содан соң сол құрылғыдағы микрокомпьютер ақпаратты жарық импульсіне айналдырады. Содан кейін екі кодта кодталған импульстер 520-нанометрлік лазерлік қабылдағышқа немесе массивті жасыл светодиодқа жөнелтіледі. Айырмашылығы сонда – светодиод ақпаратты қысқа қашықтықта бере алады, ал лазер едәуір энергияны тұтына отырып, ақпаратты одан ары жеткізе алады. Су бетіне жеткен соң кодталған импульстер кеменің төменгі бөлігінде орнатылған фотоқабылдағышқа тап болады. Осыдан кейін қосулы компьютердің көмегімен кәдімгі фотоға немесе видеоға айналады. Одан ары файл спутник арқылы интернетке жүктеледі. Бұрындары Aqua-Fi технологиясы тек тұйық су астында арақашықтығы шамамен  метрді құрайтын екі компьютер арасында видео файл алмасу үшін ғана сынақтан өткен болатын. Аталмыш жүйені барынша қолайлы ету, күнделікті өмірде кеңінен қолдану үшін бірқатар проблемаларды еңсеруге тура келеді: мәселен, оны ағыстағы немесе қозғалыстағы судағы жарықтың шашыраған эффектісіне бейімдеу керек. Ол үшін жарық импульсін барлық тараптан қабылдай алатын арнайы қабылдағыш жасауға тура келеді.

0 пікір
Мұрағат