Сал болып қалғандар енді экзосүлденің көмегімен жүре алатын болады (видео)
Сал болып қалғандар енді экзосүлденің көмегімен жүре алатын болады (видео)
5 жыл бұрын 1678 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Француз ғалымдары мойнынан төмен түгел сал болып қалған мүмкіндігі шектеулі жарымжан жандарға экзосүлдені ойша басқаруды үйретті. Бұл жайында TJournal ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдар Тибо есімді 28 жастағы жігіттіің миына датчикті имплантациялаған екен. Ол өз кезегінде экзосүлдеге қимыл-қозғалыс командасын береді. Нәтижесінде пациент 480 қадам жасап, 145 метрге жылжи алды. Осылайша сал болып қалған адам өзгелердің көмегінсіз өз бетінше жүріп-тұра алатын болады. Десе де пациент мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін виртуалды серуен арқылы екі жыл бойы жаттығуына тура келді. Бұл жаттығу өз кезегінде мидың нақты сигналын беру қабілетін ұштау үшін керек. Осының нәтижесінде Тибо экзосүлденің қол қимылы мен жүруді басқаратын программамен байланыс орнатуға қол жеткізді. Пациент өзін айға алғаш аяқ басқан адамша сезінгенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат