Қызықты тәжірибе: адамның жүйке жасушасы тышқанның миына салынды
Қызықты тәжірибе: адамның жүйке жасушасы тышқанның миына салынды
4 жыл бұрын 4650 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Белгиялық ғалымдар адамның жүйке жасушасын тәжрибе жүргізілетін тышқанның миына қондырудың әдісін тапты. Осылайша адамның жүйке тінінің тірі организмде дамуын зерделей алатын болады әрі болашақта ми ауруларын емдеу тәсілін іздеп таппақ. Бұл жайында Neuron мерзімді басылымы хабар таратты. Адам миының қабығындағы нейрондар өзге тіршілік иелерінің жүйке жасушаларынан баяу дамитындығымен айрықшаланады. Мәселен, адамдікіне жылдар кетсе, маймылға бірнеше ай жеткілікті немесе тышқандікі бірнеше аптада дамиды. Адамның интеллектуалдық жоғары деңгейге жетуіне ұзақ уақыт кететіні осы жүйке тізбегінің баяу қалыптасуынан болады. Жүйке тізбегінің қызметі бұзылса немесе дамуында ақау болса, бұл өз кезегінде адамның ақыл-есінің кенжелеп қалуына себеп болып, психикалық ауруларды тудырады. Тірі организмде жүйке жасушаларының өсуін зерделеу үшін Брюссел университетінің ғалымдары адамның діңгекті жасушаларын пайдаланды – оны нейронға айналдырып, жас тышқанның миына қондырды. Адам нейроны тышқанның миында адам миындағындай дамыған, яғни, қоршаған ортаға қарамастан өзінің даму мерзімі бойынша дамыған. Бұған қоса, олар жұмыс істеп, ақпараттарды өңдеп, тышқанның жүйке тізбегімен бірге өскен. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қарттарға тән алжасу, нейродегенеративті дерт секілді ауруларды, инсульт салдарын емдеу үшін жас жүйке жасушаларын науқасқа енгізугe болады. Өзге организмге енгізілген жас жүйке жасушалары егде адамның жүйке тізбегіне кірігіп, өлген нейрондардың қызметін атқаратын болады.

0 пікір
Мұрағат