Қытай ғалымдары тіршіліктің табиғи шығу тегіне – жұмыртқасыз және сперматозоидсыз балама ойлап тапты
Қытай ғалымдары тіршіліктің табиғи шығу тегіне – жұмыртқасыз және сперматозоидсыз балама ойлап тапты
2 жыл бұрын 1682 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Синхуа университетінің ғалымдары сперматозоидсыз және жұмыртқасыз, жетілген жасушалардан тіршіліктің пайда болу технологиясын ойлап тапты. Болашақта зерттеушілер түрлердің эволюциясын жеделдете алады, алайда, бұл мәселенің адамгершілікке жататынын немесе қайшы келетінін анықтап алу керек. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сперматозоид жұмыртқаны ұрықтандырғанда, зигота (Зигота - бұл хромосомалардың толық қосарланған жиынтығы бар жасуша. Ол ұрықтандыру нәтижесінде пайда болады (жұмыртқа мен сперматозоидтардың бірігуі). Зигота - жасуша, яғни дүниеге әкелуге қабілетті - forum.stan.kz дерек көзінен) пайда болады. Ол бөліне бастайды және мамандандырылған жасушаларды құрудың үздіксіз, яғни, тотаусыз процесін бастайды. Жасушаның бөліну арқылы ағзаның кез келген түрін тудыру қабілетін тотипотенция деп атайды. Жануарлардың ұрықтанған жұмыртқалары тотипотентті – олар ағзадағы кез келген жасушаны түзеді. Бір жасушалы эмбрион екі жасушалы эмбрионға айналғаннан кейін, кейінгі жасушалар бүкіл денені және тіндерді қалыптастыру қабілетін жоғалтады. Барлық түрлерге дифференциацияланатын, бірақ, эмбрионнан тыс ағзаларды қалыптастыра алмайтын жасушаларды плюрипотентті деп атайды. Яғни, табиғатта кез келген ағза тек тотипотентті діңгекті жасушалардан ғана өсе алады, ал қытай ғалымдары плюрипотентті жасушалардан жасанды түрде тіршілік жасай алды. Бұл ретте оларға формуласын 20 жыл бойы іздеген химиялық коктейль көмектесті. Осы формуланың арқасында биологтар тобы плюрипотентті діңгекті жасушаларды тотипотенттік күйге қайтарды (келтірді), содан кейін оларды зертханада өсірді. Бұл жаңалық өмірдің басталу процесін зерттеуге, эмбриондарды жасауға, тіпті, түрлердің эволюциясын жеделдетуге көмектеседі. Этикалық, яғни, адамгершілікке қатысты жағына тоқталған қытай ғалымдары нақты шешімдерді кейінгі ұрпақ қабылдайтынын айтты.

0 пікір
Мұрағат