Құрандағы сүттің құпиясы
Құрандағы сүттің құпиясы
2 ай бұрын 4204 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Құран мен сүттің арасында қандай байланыс болуы мүмкін немесе сүтке қатысты қандай құпия болуы мүмкін. Тақырыбына қарап осындай ойға қалатындар осыдан 14 ғасыр бұрын айтылып кеткен шындықтың ғылымда енді белгілі болып жатқанын бағамдап, өз бағасын беріп жатыр. Азықтың осынау түрінің – сүттің қалай пайда болатыны ғылымға енді белгілі болып жатыр. Осы орайда қасиетті Құранның «Аралар» деп аталатын сүресінің 66-шы аятын келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: 

«Расында, сендер үшін малда ғибрат бар. Малдың қарнындағы қан-жынның арасынан шыққан таза әрі дәмді сүт ішкіземіз». 

Бұл аят Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) пайғамбарлығының 7-ші жылы түсірілген. Меккедегі мүшріктермен текетірес кезінде. Бұл кезде Құрайыш тайпасының бетке ұстар беделді тұлғалары мұсылмандарға байкот жариялаған болатын. Яғни, Пайғамбарымыздың ﷺтуған- туыстарымен, соңынан ерген сахабалармен сауда-саттық жасамауға, неке қидырмауға, қарым-қатынас жасамауға, т.б. мәселелерде өзара келісіп, ант-су ішкен болатын. Байкот табаны күректей үш жылға созылды. Бұл аралықта әрбір адамның өз ісі үшін ақыретте жауап беретініне қатысты ескертуші аяттармен қатар ой жүгіртуге шақырған Жаратқанның құдыреті, жаратылыстың мінсіздігі, т.б. турасында аяттар бірінен кейін бірі түсіп жатты. Сондай аяттардың арасында аталмыш аят мүшріктерге ой салу мақсатында түсірілген болатын. Осы орайда оқырмандарға есімі көпке белгілі француз ғалымы, дәрігер-гастроэнтеролог Морис Биукайдың «Інжіл, Құран және ғылым» деп аталатын кітабынан мынадай үзінді келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: «Егер мына аятқа ғылыми тұрғыдан қарасақ, оның мән-мағынасын түсіну үшін таза физиологиялық астарына үңілуіміз керек. Организмге қажетті қоректік заттар ас қорыту трактісінде өтетін асты сіңдіретін химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Бастапқыда бұл заттар ішек-қарында болады. Химиялық реакциядан соң бұл заттар ішек-қарынның жұқа қабатынан қанға өтеді. Заттардың қанға өту процесі екі жолмен жүзеге асады: тікелей – лимфатикалық тамырлар арқылы және жанама түрде – қан айналымының айналым жүйесі арқылы – заттар алдымен бауырға түсіп, өзгерістерге ұшырайды да қан айналымына тап болады. Сүт компоненттері сүт безі арқылы бөлінеді. ...Осылайша қан тағамнан алынғандарды «жинап, өткізетін» рөл ойнайды». 

Бұл шындық ғылыми тұрғыдан қасиетті Құран түскеннен шамамен он ғасыр өткен соң белгілі болды: қан айналымын ашқан Гарвей болды.

0 пікір
Мұрағат