Қатерлі ісіктің басты себебі анықталды және оған қарсы екпе ойлап табылды
Қатерлі ісіктің басты себебі анықталды және оған қарсы  екпе ойлап табылды
6 жыл бұрын 5887

Шотландиядағы Данди университетінің ғалымдары қатерлі ісіктің басты себебін анықтағанын мәлімдеді. Зерттеудің баспасөз баяны MedicalXpress журналында жарияланды. Бұл жайында kaz.tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Қатерлі ісіктің пайда болу қатері жас ұлғайған сайын арта түседі. Бұл уақыт өткен сайын ДНҚ-ға жасушаның бөлінуіне әкелетін ақаулардың жиналып қалуынан деген тұжырыммен түсіндіріледі. Әдетте қатерлі ісіктің пайда болуына бес-алты мутация жеткілікті.  Зерттеушілер 18 бен 70 жас аралығындағы қатерлі ісікке шалдыққан екі миллион адамның жағдайына сараптама жасады. Осы арқылы иммунды жүйенің әлсіреуі қатерлі ісіктің пайда болуына қалай әсер ететінін есептеуге мүмкіндік беретін теңеу шығарды. Бұл теңеуді олар тәжірибе жүзінде пайдаланып та көрді. Осылайша, жаңа модель қатерлі ісік қаупін мутацияның жиналу теориясынан жақсырақ анықтауға мүмкіндік беретіні анықталды.  Ал иммун жүйесінің әлсіреуінің негізгі себебі тимус (айыр безі) қызметінің ақауы, бұл органда T-жасушалары жетіледі. 16 жыл сайын адамның тимусы көлем жағынан кішірейіп, қатерлі ісік жасушаларын жоятын лимфоциттердің бөлінуі азаяды. Ғалымдардың пайымынша, тимус жұмысын жақсарту қатерлі ісіктің алдына алудың нәтижелі тәсілі болмақ. 

Сан-Франциско қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары рак жасушаларын өлтіретін генетикалық түрлендірілген вирус жасады. Сонымен қатар ол ісікке қарсы иммундық реакцияны ынталандырады.

Онколитикалық Pexa-Vec вирусы сиыр опсасының өзгертілген нұсқасы болып табылады. Оған иммундық жасушалардың өсуін ынталандыратын шағын пептидті молекуланы кодтайтын ген қосылған.

Бұл туралы MedicalXpess-тің баспасөз хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz .

Сонымен қатар, тимидин киназының гені вирустан алынып тасталды. Соның нәтижесінде инфекциялық агент тек арнайы гендерде, RAS және p53 мутациясына байланысты киназдың деңгейі жоғары болған рак клеткаларында ғана шығара алады.

Pexa-Vec қатерлі ісікті ұлғайтатын қан тамырларының өсуін шектеп, оның өсуін төмендетеді. Бұл жағдайда екпені басқа ішкі ағзаға енгізуге болады. Бұл түрлендірілген жұқпалы агентке тек бастапқы қатерлі ісікті емес, сонымен бірге бүкіл ағзада орналасқан метастаздарды жоюға мүмкіндік береді.

Pexa-Vec екпесіне тәжірибе нейроэндокриндік панкреатиялық қатерлі ісікпен ауыратын тышқандарға жасалды. Вирус сау органдарды ешқандай зиянын тигізе алмады. Бірақ қан тамырларына зақым келтірді. Жұқпалы агент зиянды жасушалардың тек бір бөлігін ғана бұзса да, иммундық реакция туындаған кезде бұл ісік жоғалып кетеді.

0 пікір
Мұрағат