Қатерлі ісікті рентгенмен және нанобөлшекпен жойды
Қатерлі ісікті рентгенмен және нанобөлшекпен жойды
4 жыл бұрын 2148 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бір сағаттық сәулелену тәжірибе басталған сәттен бастап есептегенде екі күн жеткілікті болды барлық қатерлі ісік жасушаларының өлуіне.

Жапон, АҚШ және Вьетнам ғалымдары организмге зияны жоқ рентгендік сәулелену кезінде элекрондар генерациялайтын нанобөлшектер жасады. Оны обыр жасушаларын «шоқып» жоюда пайдалануға болады. Бұл жайында Nature Communications ғылыми мерзімді басылымында жарияланған мақалада айтылған. «Біздің әдіс рентгендік сәулеленуді қатерлі ісікке әсерін барынша талғап күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл иондайтын сәулеленудің аз бөлігінің қатерлі ісік жайлаған жасушаға тап болатын осы заманғы сәулемен емдеудің осындай негізгі кемшілігіне жол бермейді»,- деді аталмыш зерттеуге атсалысқан Киот университетінің (Жапония) ғалымы Котаро Мацумото. Осы орайда соңғы жылдары ғалымдардың онкологиялық ауруларды және өзге де ауру түрлерін нанобөлшекпен емдеу тәсілдерін қолға ала бастағанын айта кету керекпіз. Бұл бағыттағы ізденісі өз нәтижесін бере бастағанын да тілге тиек ете кеткен жөн. Аталмыш тәсілдің дәстүрлі химиялық терапияға қарағанда көптеген артықшылықтары мен тиімділігі барын айта кету керек. Ең басты артықшылығы – сау жасушаларды зақымдап алмай емдеуде жатыр. Нанобөлшектермен жүргізілген тәжірибе барысы мен нәтижесі көрсеткендей, оны екі жолмен қолдануға болады. Біріншісі – нанобөлшектер сау жасушаларға жоламай емдік мақсаттағы уды немесе өзге де қауіпті затты қатерлі ісік жайлаған жерге немесе инфекция пайда болған жерге жеткізеді. Яғни, бұл арада нанобөлшектер қатерлі ісік пен микробтарға қарсы «киллер» рөлін атқарады. Сондай-ақ, нанобөлшектер организмге енгеннен кейін орнығып алған соң иммунитет үшін қатерлі ісік пен бактерияны нысанаға алатын құралға айналады немесе лазерлік сәулені, магниттік толқынды қатерлі ісік пен микробқа қарсы бағыттайды. Осы бағытта зерттеу жүргізген ғалымдардың айтуынша, нанобөлшектерді қолданудың тың әдісін тапқан – гадолиния секілді сирек кездесетін кейбір элементтер рентген сәулесін өте тар спектрде сіңіре алады. Рентгеннің мұндай сәулеленуіне ұшырағаннан кейін олар энергиясы жоғары электрондар шоғырын істеп шығарады. Ал ол өз кезегінде ДНК, ақуыз және өмірлік маңызы зор молекулаларды гадолиниядан сәл қашық жерден зақымдайды. Екінші жағынан, қатерлі ісіктің тез жайылуына  алып келетін обырдың метаболистік ерекшелігі мен олардың геніндегі қызметті бұзу арқылы кез келген нанобөлшекті қарқынды түрде сіңіріп, ішіне жинайды. Бұл гадолиния мен рентгендік сәулеленуді қатерлі ісік жасушаларын «шоқып», қауіпсіз жолмен жоюға мүмкіндік береді. Аталмыш идеяны басшылыққа алған ғалымдардың бұл бағыттағы тәжірибесін толық баяндап бермесек те негізгілерін айтып өттік.

(Ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат