Қатерлі ісікке апарып соқтыратын денеге инемен сурет салдырудың тағы бір қаупі анықталды (баяулатылған видео)
Қатерлі ісікке апарып соқтыратын денеге инемен сурет салдырудың тағы бір қаупі анықталды (баяулатылған видео)
5 жыл бұрын 4700 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көне заманнан бастау алатын денеге сурет салдыру постиндустрияландыру кезеңінде сәнге айналып, індет секілді белгілі бір әлеуметтік топтар арасында кеңінен тарап кетті. Тату ежелгі мысырлықтармен қатар, әлі күнге жабайы тайпаларды, қоғамнан оқшауланған субмәдениет өкілдерін, беделді қылмыскерлерді былайғы жұрттан ерекшелеп тұратын «ен-таңба» іспетті. Тату дегеніміз не? Терінің астына инемен қара сияны енгізу. Бұл өз кезегінде бері алғанда аллергия тудырады. Таяуды осы бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тату салдырудың басқа да денсаулыққа зиянды салдары белгілі болды. Тарқатып әрі нақтырақ айтқанда, адам терісінің астында бояу затынан бөлек тату инесінің қауіпті бөлігі қалып қояды. Германия мен Франция ғалымдары денесіне ине сурет салдырғандардың қан түйіршіктерінде темірдің, хромның, никелдің бөліктері кездескенін алға тартып отыр. Қан түйіршіктері адам ағзасындағы ақуыздың, тұздың және сұйықтықтың жасушадан қанға қайтып оралуына қажетті. Бұл жүйе иммунитеттің түрлі ауруға төтеп бере алатындай мықты болуында үлкен рөл ойнайды. Сондай-ақ, асыл дінімізде денеге сурет салдыруға тыйым салынғанын ескертеміз, Алла адамға денсаулықты аманат етіп бергенін естен шығармайық. 

 

0 пікір
Мұрағат