Қатерлі ісік, сусамыр, семіздік жұқпалы болуы мүмкін
Қатерлі ісік, сусамыр, семіздік жұқпалы болуы мүмкін
4 жыл бұрын 4453 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Канадалық ғалымдар обырдың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бүгінгі медицинада қатерлі ісік, сусамыр, жүрек дерті және семіздік індеті қандай да бір бактериядан немесе вирустан пайда болмайды. Сол себепті, адамнан адамға жұғуы мүмкін емес, деп есептеліп келеді. Десе де соңғы уақытта кеңінен таралған аталмыш аурулардың адамнан адамға жұғуы мүмкін дейтін гипотезаны алға тартатын ғалымдар шыға бастады. Олардың айтуынша, аталған кеселдер адамнан адамға титтей ағзалар – микробиомдар арқылы жұғуы мүмкін. Бұл атау адамның терісі мен ішкі организіміндегі триллиондаған бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың жалпы атауы. Бұл жайында Focus ақпарат көзі хабар таратты. Олардың адам денсаулығы үшін маңызын айтып жеткізу қиын – олар ас қорытуға, қоректік заттарды бөлуге немесе улы заттарды организмнен шығаруға көмектеседі. Канаданың перспектикалық зерттеу институты мен немістердің Киль университетінің ғалымдары «Адамдар мен микробиом» деген атпен осы бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрді. Олардың пайымдауынша, инфекциялық емес, деп саналатын аурулардың көбісі адамнан адамға микробиом арқылы берілуі мүмкін. «Адам организіміндегі микроағзалар колониясы семіздік, жүрек-қан тамыр аурулары, сусамыр және обыр секілді ауруларды тасымалдауда негізгі рөл ойнауы мүмкін», - деп мәлімдеді ғалымдар. Десе де осы тұста мұндай гипотезалар жалған ғылым саналатынын айта кету керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатерлі ісік пен жүрек-қан тамыр ауруларын «инфекциялық емес» аурулар санатына жатқызады. Осы заманғы медициналық тұжырымға сәйкес аталған аурулар адамнан адамға жұғуы мүмкін емес, мұндай аурулар тұқым қуалайды, яғни, ата-анадан балаға берілуі мүмкін, саламатты өмір салтын ұстанбаудан немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен пайда болады.

Қарай отырыңыз:

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0)

«Обыр, сусамыр, алжу ауруларының асқыну себебі белгілі болды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/obyr-susamyr-alju-aurularynyn-asqynu-sebebi-belgili-boldy-12831/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат