Пластикалық қалдықтарды азық ретінде тұтынатын күн алыс емес
Пластикалық қалдықтарды азық ретінде тұтынатын күн алыс емес
9 жыл бұрын 5442

Статисткалық зерттеулерге қарағанда, құрлықты айтпағанда мұхиттар мен теңіздерде жалпы салмағы жүздеген мың тоннаға жететін 5 трлн пластикалық заттар қалқып жүр. Австриялық дизайнер Катарина Унгер бұл мәселені шешу үшін Нидерландының Утрехт университетінің зерттеушілерімен және Джулия Кайзингермен бірігіп, тұрмыстық пластик қалдықтармен қоректенетін жеуге жарамды саңырауқұлақтар арқылы жоятын экологиялық жүйені ойлап тапты. 2012 жылы Йель университетінің ғалымдары полиуретанды іріте алатын саңырауқұлақтардың тұтас бір тобын (Pestalotiopsis Microspora) тапқан болатын. Бұл өз кезегінде жаңа зерттеулерге жол ашып, аталмыш саңырауқұлақтың пластикалық қалдықтарды жоя алатынына көз жеткізеді. Бір жағынан, экологиялық тиімділігін сарапқа салу арқылы бұл жүйенің қоршаған ортаға пайдасын анықтаған, екінші жағынан, азық-түлік тапшылығын жою мәселесін шешуге септігін тигізетініне көз жеткізген. Қалай дейсіз ғой? Ол тәжірибе жасап көру үшін әдеттегі үстел сияқты көрінетін шағын «ферма» концепсиясын дайындады. Оның ішінде екі саңырауқұлақ өсіреді. Пластикті қорекке айнаалдыру үшін алдымен оны «белсендіру камерасына» қояды, онда пластик ультракүлгін түсті сәулемен  залалсыздандырылып, іру сатысына өтеді. Осыдан кейін пластикті шыны приборға қояды. Бұл процесс бірер айда жүзеге асады. Дизайнер пластикпен қоректенген саңырауқұлақты жеп, байқап көргенін де айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат