Өздігінен электр тогын өндіретін материал жасалды
Өздігінен электр тогын өндіретін материал жасалды
21 күн бұрын 149 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Венадағы техникалық университет ғалымдары түрлі температурада электр тогын өндіретін материалдың жаңа түрін жасады. Бұл материал өз кезегінде датчиктер мен шағын процессорлардың сымсыз жолмен өзін энергиямен жабдықтауына мүмкіндік бермек. Бұл жайында Phys.org ақпарат көзі хабар таратты. Термоэлектрлі материал жылуды электр энергиясына айналдыра алады. Аталған материалдың екі ұшында температура айырмашылығы орын алса, электр кернеуі пайда болып, материалда ток жүреді. Мұндай құбылыс Зеебек эффектісі деп аталады. Мұндай жағдайда электр энергиясы ZT көрсеткіші бойынша өрнектеледі, ал мәні материалдың термоэлектрлі өзгешелігін көрсететін болады. ZT-ның ең жоғарғы мәні 2,5 — 2,8-ге тең. Веналық химиктер жасаған материалда бұл көрсеткіш 5-6-ға жетеді. Ғалымдардың топшылауынша, аталған материал «ақылды үйлер» технологиясында қолданылуы мүмкін. Өйткені, кез келген жүйенің датчигі сыртқы электр көзіне тәуелді болмай өз-өзін қажетті электрмен жабдықтайтын болады.

0 пікір
Мұрағат