Өсімдік майынан дизель отынын алуға болады
Өсімдік майынан дизель отынын алуға болады
9 жыл бұрын 5094 ©REUTERS

Алматы қаласында өсімдік майынан экологиялық таза дизел отынын алуға мүмкіндік беретін құрылғы жасалды. Бұл жайында аталмыш жобаның авторларының бірі Жәнібек Шамелханов Tengrinews.kz ақпарат көзінің тілшісіне айтып берді. Дизелді отынды алу үшін шикізат ретінде кез келген өсімдік майын пайдалануға болады екен. Жәнібек Шамелхановтың айтуынша, пайдаланылған май осы технологияға әбден жарамды көрінеді. Өйткені, онда май көп болады. Бұған қоса, дизел өндірісі үшін мақтадан алынған өнімдерді де пайдалануға болады, бұл өз кезегінде отынның өзіндік құнын арзан етеді. Айта кетейік, осы құрылғының көмегімен 20 тонна отын өндірілген. Минералды отынға қарағанда, экодизель цетандық қасиетке ие, яғни, тез тұтанады, бұл өз кезегінде энергияның тиімділігін арттырады. Оның үстіне, оның құрамында ауыр металдар, күкірт болмайды, сол себепті зиянды қалдықтар ең аз мөлшерде болады. Сондай-ақ, экологиялық таза дизелді отын қозғалтқыштың деталдарын ыстамайтын болады. Жоба авторлары өз туындылары үшін сертификат алды.  

0 пікір
Мұрағат