Оразамен обырды жеңуге болады екен...
Оразамен обырды жеңуге болады екен...
4 жыл бұрын 4029 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түсінбестік болмасы үшін бірден бұл арада ауыр дертке шалдыққан науқастың ауыз бекітіп, ораза ұстағаны турасында сөз болып отырмағанын айта кетейік. Джонс Хопкинс атындағы университет ғалымдары онкологиялық аурулармен күресуге статина - адам қанының құрамындағы холестерин деңгейін төмендететін дәрінің көмегі көп тиетініне көз жеткізді. Аталмыш дәрінің әсерінен орын алатын "аштық" қатерлі ісік жасушаларын жойған. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар АҚШ-тың тағам өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық тұрғыдан қадағалайтын басқарма (FDA) мақұлдаған шамамен 2500 дәріге талдау жүргізіп, сараптаған екен. Ғалымдардың мұндағы басты міндеті белгілі бір мутацияға ұшыраған қатерлі ісік жасушаларын жоюға тиімді дәріні табуға саяды. Ғалымдар сұраптай әрі сараптай келе статитнге, соның ішінде питавастатинге тоқтаған. Аталмыш дәрі өз кезегінде қатерлі ісік жасушасын өлгенше "ашықтырған" - яғни, қоректік заттарды тұтынуына жол бермеген. Статин қатерлі ісік жасушасының өмір сүруі үшін маңызды компонент болып табылатын GGPP молекуласының қалыптасу процесін тоқтатып бұғаттап тастайды. Бұл жайында ferra.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат