Өнертапқыш қазақ Азат Өмірғали әлемдегі ең арзан күн батареясын ойлап тапты
Өнертапқыш қазақ Азат Өмірғали әлемдегі ең арзан күн батареясын ойлап тапты
7 жыл бұрын 6287 naryk.kz

Қазақстандық күн батареялары энергияның бір ватының өзіндік құнын 50 центтен 25 центке дейін арзандатады.

Технологияны ойлап тапқан өнертапқыш Азат Өмірғалидың айтуынша, бұл оптикалық концентрацияның арқасында мүмкін болған.

“Күн сәулесі оптикаға түседі. Одан кейін оптика оны бір нүктеге жинайды. Сол жерде энергия пайда болады. Осы технологияның арқасында шығын көлемі азайтылады”, – дейді Азат Өмірғали.

Оның айтуынша, осының арқасында күн энергиясын құны арзандайды.

“Қазіргі таңда әлем бойынша бір панельдің құны 110 доллар болса, ал біздің панель 54 доллар тұрады. Алдағы уақытта жылына 50-60 мВт энергия шығарамыз. Алдын ала есептеу бойынша, бұл 15-20 мың пәтерді энергиямен қамтамасыз етеді”, – дейді өнертапқыш.

“Дегенмен, Азаттың айуынша, өндіріске шығу үшін кемінде 200 мың доллар мен бір жылдық еңбек керек. Егер жұмыс жүріп кетсе, біздің энергия Қытайдікінен 2 есеге арзан болады”, – дейді Азат.

0 пікір
Мұрағат