Обырды пайда болған сәтінен бастап анықтайтын наночип
Обырды пайда болған сәтінен бастап анықтайтын наночип
9 жыл бұрын 4100

Қатерлі ісік бой беруі екіталай кезеңге өтіп, асқынғанда ғана байқалатыны бар. Тамырын тереңге жіберіп, ағзаңа жайылғанда ғана барып «қолымызды мезгілінен кеш сермеп жататынымыз» содан. Қатерлі ісіктің жасушаға зарарын тигізе бастаған сәтінен бастап анықтауға мүмкіндік бар ма? Өртті сөндіргеннен гөрі ұшқынды сөндірген әлдеқайда оңай екенін ескерген ғалымдар обырды пайда болған сәтінен бастап анықтауға мүмкіндік беретін чип ойлап тапты. Нақтырақ айтқанда, Испаниядағы фотоника институтының жетекшілік етуімен халықаралық зерттеушілер тобы (ICFO) протеиндік онкомаркерді табуға көмектесетін технологияны жасағандарын жария етті. PhysOrg басылымының ақпаратына қарағанда, «чиптегі зертхана» («lab-on-a-chip»)  деп аталатын технология плазмоника, наноөндіріс, микросұйықтық және беткі қабаттағы химия салаларындағы үлкен жетістік болып табылады. Наноскопикалық көлемдегі құрылғы обыр жасушасынан қан құрамында пайда болған спецификалық ақ түйіршіктердің ең әлсіз кконцентрациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде дер кезінде диагноз қоюға және ауруды алғашқы кезеңінде емдеуге мүмкіндік береді. Шағын көлеміне қарамастан аталған құрылғы сұйық микроканалдар жүйесіндегі бірнеше анализді бір мезгілде жүргізетін түрлі сенсорлардан тұрады. Санаулы минуттарда ауруды айқындап беретін аталмыш технология Еуропалық комиссия және жергілікті қайырымдылық қорының қолдауымен қолға алынған SPEDOC жобасы аясында жасалды.

0 пікір
Мұрағат