Нейробиологтар сенімді әрі салмақты адам болып көрінудің құпиясымен бөлісті
Нейробиологтар сенімді әрі салмақты адам болып көрінудің құпиясымен бөлісті
4 жыл бұрын 2640 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуды жүргізілген елеусіздеу, алайда, соны зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам басын тік ұстай ма әлде сәл иіп немесе шалқақ ұстай ма, бұл позалардың барлығы айналасындағы адамдардың ол туралы түсінігін қалыптастыратын болып шықты. Ұлыбританиядағы Сент-Эндрюс университетінің психологтары мен нейробиологтары адам сымбатының оның төңірегіндегілердің оны қабылдауына қалай әсер ететінін анықтап көрмек болыпты. Бұл бағытта ғалымдар арнайы тәжірибе жүргізіп, оған өз еркімен қатысқандардан 24 адамды үш мәрте үш түрлі күйде фотоға түсірген екен: біреуінде адам басын тік ұстаса, екіншісінде басын 20 градусқа шалқайтып ұстаған, ал үшіншісінде 20 градусқа басын сәл еңкейткен екен. Бұл позалардың барлығында да камерадан көз айырмаған. Содан соң ғалымдар өзгелерді олардың суретіне қарап, қандай адам екеніне баға беруге шақырған. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, басын сәл еңкейткен адам басымдыққа ие адамның кейпін берсе, басын шалқақ ұстағаны өзгелерге төбесінен қарайтын тәкаппар жанды елестеткен. Ал басын тік ұстағанын ғана өзгелер сенім артуға болатын адам деп таныған. Ғалымдар мұның сырын былайша түсіндіріп берді: адам басын сәл еңкейтіп ұстаса, сырт көзге езу тартқан, алайда қабағы қату жанды, яғни, адамға жауығып қарайтын тұлғаны елестеткен. Ал басын сәл шалқайтып ұстағаны иегін көтеріп, қасын керген менменшіл адам секілді әсер қалдырған. Perception мерзімді басылымында жарияланған аталмыш зерттеу мақаласында мынадай тұжырым жасалыпты: бір қарағанда адамды танып білу мүмкін емес. Өйткені, алғашқы әсер алдамшы келеді. Яғни, көз адамның сыртқы кескін-келбетне қарап обьективті баға беруге қабілетсіз келеді. Тіпті, адам басын тік ұстап, көз қиығымен қараған күннің өзінде өзі туралы басқа ойда қалдыруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат