НАСА ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты
НАСА ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты
2 жыл бұрын 714

Baq.kz порталы "Азаттық" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда Халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) НАСА-ның екі ғарышкері Барри Уилмор мен Терри Виртс жаңа коммерциялық ғарыш апараттарына арналған коммуникациялық және навигациялық аппараттарды орнату үшін жеті сағатқа ашық космосқа шыққан.

ХҒС астронавтары соңғы жеті күнде осымен үшінші рет ашық ғарышқа шығып отыр. Астронавтар Boeing және Space Exploration Technologies компаниялары жасаған ғарыш кемелерін тіркейтін орын дайындап жатыр.

Виртс пен Уилмор ғарыш аппараттары жақындап, түйісетін кезде навигация жасауда пайдаланатын 120 метрден астам кабель тартып, екі антенна орнатты.

НАСА соңғы рет мұндай ашық ғарышқа шығып орындайтын операцияларды Shuttle ұшыру бағдарламасы кезінде жасаған. НАСА өкілінің хабарлауынша, бұған дейін 120 метрден асатын кабель тартылмаған.

0 пікір