Мидың істен шыққан нейрондардан қалай құтылатыны белгілі болды (видео)
Мидың істен шыққан нейрондардан қалай құтылатыны белгілі болды (видео)
4 жыл бұрын 2529 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күн сайын адам денесінде оның табиғи бір бөлігі болып табылатын жасушалардан ондаған миллиарды өледі. Бұл биологиялық қоқыстан барынша тезірек құтылу керек – жаңа жасушаларға орын босату үшін. Ми нейрондарында бұл процестің қалай жүретінін АҚШ-тағы Йел медицина мектебінің ғалымдары таспаға тартып алыпты. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген америкалық ғалымдар «2Phatal» жүйесін пайдаланған екен. Оның көмегімен жекелеген нейрондарды флуоресцентті бояумен бояған екен. Бұл тәжірибе тірі тышқанға жүргізілген болатын. Кеміргіштің жүйкесіне зақым келтіріп алмай белгілі бір аумақта ғана жүргізген. Басты міндет – өлген (семген) нейрондардың қалай жойылатынын білу. Белгілі болғандай, барлық жұмысты глиалды жасушаның үш түрі атқаратын болып шықты. (Аталмыш жасуша нейрондардың генерациялануына жағдай тудыратын әрі жүйке импульстерін «тасымалдайтын», өзіндік ерекшелігі бар микроқоршау болып табылады). Алғашқы болып нейронның негізгі денесін сіңіретін (бұған бірнеше сағат кетеді) микроглия белсенді әрекетке көшеді. Бір мезгілде астроциттер өзге нейрондармен жасушаның бұрынғы байланысын – дендрит қалдықтарын жояды. Босаған орынды NG2 жасушасы толтырады. Үш компоненттің ұмысы өзара тығыз байланысты әрі біреуінің жұмысы баяуласа, барлық процесс бәсеңдеп қалады. Ғалымдар істен шыққан нейрондардың жойылу жылдамдығы организмнің жасына қарай орын алады. Яғни, жас ұлғайған сайын бұл процесс баяу жүретін болады. Ғалымдардың топшылағандай, жүре келе, яғни, жас ұлғайған сайын пайда болатын нейродегенеративті аурулардың себебі осында жатуы да мүмкін – организм өлген нейрондардын құтылып үлгермей, оның ақыры мұндай нейрондардың жиналуына алып келмек. Нәтижесінде жоғарыда аталған аурулар бас көтеруі бек мүмкін. Сондықтан миды өлген нейрондардын мәжбүрлеп тазарту тетігін табу керек шығар.

0 пікір
Мұрағат