Масаны жоятын лазерлік аппарат жасалды (видео)
Масаны жоятын лазерлік аппарат жасалды (видео)
4 жыл бұрын 3047 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилдік ғалымдар жыл сайын Лас-Вегас қаласында өтетін цифрлы және тұрмыстық техникаларға арналған Consumer Electronics Show (CES 2020) көрмеде лазерлік сәулемен масаны табатын әрі жоятын құрылғыны жұрт назарына ұсынды. Бұл жайында New Atlas ақпарат көзі хабар таратты. Сөз болып отырған Bzigo құрылғысы HD-инфрақызыл камера арқылы жуыр маңда ұшып жүрген жәндікті таба алады. Bzigo-ның келесі нұсқасы масаны лазер сәулесімен өлтіретіндей етіп жасалатынына уәде беріп отыр. Аталмыш құрылғының бағасы 169 доллар тұрады, келесі жылы саудаға шығарылады. Бұл жаңалық енді ғана пайда болып отырған жоқ. Осыдан он жыл бұрын Нейтан Михрволд (Nathan Myhrvold) есімді өнертапқыш лазер сәулесінің көмегімен масаны ұшып жүрген жерінде тауып, жойып жіберетін "Death Star" лазерлік қару ойлап тапқан болатын. Нейтан Михрволдтың айтуынша, әрбір 43 секунд сайын зиянкес жәндіктен жұғатын безгектен бір бала көктей солады. Африка құрлығында.

0 пікір
Мұрағат