Макаронның әйелдер денсаулығына зиян екенін анықталды
Макаронның әйелдер денсаулығына зиян екенін анықталды
9 жыл бұрын 7684

Милан ғалымдары макарон өнімдерін пайдалану ақ жаулықтылардың денсаулығына зиян екенін, дәлірегі, әйелдердің жүрек-қан тамыр ауруларына ұрындыратынын анықтады.

Мамандар тәжірибе жүргізіп, 47 мың ер мен әйелдің диеталарының ерекшелігін салыстырып көрді. Зерттеушілерде олардың медициналық карталарындағы ақпарат та болған. Нәтижесінде макарон өнімдерін пайдаланатын әйелдер осындай тағамды пайдаланған ерлерге қарағанда жүрек дертінен екі есе көп зардап шеккен. Мамандардың пайымынша макарон өнімдері ағзада қорытылып үлгермейді. Сөйтіп, қандағы қант көлемінің артуына апарып соқтырады. Әйел ағзасында эстрогеннің әрекетімен қандағы глюкоза деңгейінің көтерілуі процесі белсенді болады.

0 пікір
Мұрағат