Күн энергиясын 20 жылдай сақтауға мүмкіндік беретін сұйықтық жасалды
Күн энергиясын 20 жылдай сақтауға мүмкіндік беретін сұйықтық жасалды
5 жыл бұрын 3478 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күн энергиясының экологиялық маңызына байланысты болашағы зор  десек те оның да кемшілігі бар: сақтау мерзімі жоқ десе де болады. Ғалымдар бұл бағытта тынбай ізденіп, белгілі бір жетістікке жетті, дәлірегі, швед ғалымдары күн энергиясын сақтауға мүмкіндік беретін сұйықтық жасап шығарды. Ол жиналған күн энергиясын 18 жыл бойы сақтауға мүмкіндік бермек. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Energy & Environmental Science мерзімді басылымында жарияланды. «Гелиоотын – қайта қуатталатын батарея секілді, алайда, бұл «батарейка» электрмен емес, күн көзінен қуатталады»,- деді осы бағытта ізденіп жүрген Массачусет технологиялық институтының инженері Джеффри Гроссман. Швециядағы Чалмер технологиялық институт ғалымдары жасап шығарған гелиоотын негізін көміртектің, сутектің және азоттың арнайы молекулалары құрайды. Күн көзінің әсерінен бұл молекулалар реакцияға түседі: олардың атомдық байланысы түзіліп, нәтижесінде изомер алынады. Изомерлер арасындағы күшті химиялық байланыс күн энергиясын «аулап» ауа температурасы Цельсия бойынша 21 градусқа дейін төмендесе де сақтай алады. Сақталған энергияны пайдалануға қажеттілік туындағанда сұйықтық катализатордан жіберіледі. Бұл өз кезегінде молекулаларды бастапқы қалпына келтіреді. Бұл процесс нәтижесінде сізге керекті энергияны қажетті мөлшерде жылу түрінде ала аласыз. Гелиоотынды жасаушылардың бірі, Чалмер технологиялық институтының наноматериал жөніндегі маманы Каспер Мот-Поульсен осылай дейді.

Жаңғыртпалы энергияны жинауға арналған құрылғы сұйықтық ағатын орталығында түтікшесі бар, қолдан иген рефлектор секілді көрінеді. Конструкция күннің қозғалысын қадағалайтын радиотарелканы көз алдыңызға әкеледі. Сұйықтық мөлдір түтікшеден рефлетор орталығына қарай айдалады әрі күн шуағынан жылынады, артынан сұйықтық құрамындағы норборнадиена молекулалары жылуды ұстайтын изомерге айналады. Сонсоң, сұйықтықты қандай да бір цистернада сақтауға болады. Қалыпты температурада. Бұл энергияны пайдалану қажеттілігі туындағанда сұйықтық арнайы каталозатор арқылы айдалады. Бұл өз кезегінде молекулаларды бастапқы қалпына келтірмек. Яғни, сұйықтық Цельсия бойынша 63 градусқа дейін жылынатын болады.

Профессор Каспер Мот-Поульсен күннің жылу энергиясын сақтау жүйесінің жылу бөлу градиентін өлшеуге арналған вакуумды құрылғының жанында отыр. Қолындағысы – катализаторы бар түтікше.

Кейін бұл жылуды, мәселен, жылу жүйесінде, су ысыту құрылғысында, ыдыс-аяқ жуатын машинаны жүргізу үшін, киім кептіруде, т.б. қолдануға болады. Зерттеу барысында ғалымдар біресе жылытып, біресе кәдімгі температураға дейін суытып, талай тәжірибе жасап көрді. Ешқандай ауытқу болған емес. «Біз соңғы уақытта айтарлықтай жетістікке қол жеткіздік. Яғни, жыл бойы жұмыс істеуге қабілетті, зиянды қалдық шығармайтын энергетикалық жүйеге қол жеткіздік»,- деді Мот-Поульсен. Ғалымдар бұл жетістікке тоқмейілсіп қалмай, алдағы уақытта сұйықтықтың сағатына 250 Вт сақтауға мүмкіндік беретіндей деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Яғни, ол кем дегенде Цельсия бойынша 110 градус жылу бөлетіндей деңгейге жеткізбек.

0 пікір
Мұрағат