КazEOSat-1 Жерді қашықтан зондтау спутнигіне ақырғы қабылдау жүргізді
КazEOSat-1 Жерді қашықтан зондтау спутнигіне ақырғы қабылдау жүргізді
1 жыл бұрын 982 24.kz

Францияның Тулуза қаласында КazEOSat-1 Жерді қашықтан зондтау спутнигін штатты түрде пайдалануға ақырғы қабылдау жүргізілді.

Ғарыш аппаратын Қазғарышқа қарасты «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-на француздың Airbus Defence and Space компаниясы спутникті пайдалануға меншік құқығын беретін сертификатқа қол қою негізінде тапсырды.  Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) спутнигінің сертификаты спутник пен оның Жер бетіндегі инфрақұрылым жүйесін сақтандыру келісімшартын да күшіне енгізді.  Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық КazEOSat-1 ғарыш аппараты 2014 жылы 30 сәуірде Франция Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан «Вега» зымыран тасығышымен ұшырылды. Енді жекеменшік ЖҚЗ бар Қазақстан Республикасы ғарыштан мониторингілеу мен болжам жасау саласының ең алдыңғы тәжірибесін пайдаланатын болады. Бұл төтенше жағдайларды ескерту, мониторингілеу мен салдарын бағалау, пайдалы қазбалар мен қуат көздерін барлау, өндіру, инфрақұрылымды бақылау мен экологиялық мониторинг, ел қауіпсіздігі, жерді есепке алу, жоспарлау мен бақылау мәселелерін шешуге едәуір көмектеседі, деп хабарлайды Қазғарыш баспасөз қызметі.

Аударған: Г. Абилова

0 пікір