Катер-амфибия (видео)
Катер-амфибия (видео)
3 жыл бұрын 1413 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың әскери теңіз күштері француздардың бес орынды, шапшаң қозғалатын Iguana катерінің екеуін сатып алды. Жылжымалы қазбауыр тәрізді 350 аттың күші бар салынбалы қозғалтқышымен жабдықталған катер-амфибия (яғни, «қосмекенді» катер) жағалауға жеткен соң 8 секунд ішінде құрлықта жүретін көлікке айналады – сағатына шамамен 7 шақырымды артқа тастайды. Басында айтап кеткеніміздей, бес адамға шақталған – жалпы салмағы 1110 келіге дейінгі жүкті алып жүре алады. Ал судағы жылдамдығы – сағатына 92 шақырымға дейін жетеді. Америкалық әскерилер оны әзірге сынап, мүмкіндігін тексеріп көру үшін сатып алғанын айта кету керек. Катермен майданда жараланған сарбазды оқ пен оттың ортасынан алып шығуға, қажетті оқ-дәрі мен жүктерді тасымалдауға, сондай-ақ, стихиялық апаттардың салдары мен зардаптарын жоюда пайдалануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы tehсult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

0 пікір
Мұрағат