Жылдамдығы жоғары микроскоп мидағы сигналды көзді ашып-жұмғанша мың рет белгілеп үлгереді (видео)
Жылдамдығы жоғары микроскоп мидағы сигналды көзді ашып-жұмғанша мың рет белгілеп үлгереді (видео)
4 ай бұрын 613 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ми жұмысын талдауға арналған, жылдамдығы аса жоғары микроскопты жұрттың назарына ұсынды. Оның көмегімен нейрондағы электр кернеуінің өзгерісін миллисекундқа дейін қадағалай аласыз. Бұл жайында Берклидегі Калифорния университетінің ғалымдары мәлім етті. Адам миындағы электрлі әрі химиялық сигналдар сәт сайын өзгеріп отырады. Ал оларды қадағалап, талдау үшін жылдамдығы аса жоғары камера мен дәл көрсететін микроскоп керек. Берклидегі Калифорния жоғарғы оқу орнының ғалымдары мұндай құрылғыны құрастыра алған екен: бір секундта тәжірибедегі тышқанның миын 1000 рет таспаға тартып алған камералы микроскоп нейрон арқылы миллисекундта электр импульсінің қалай өткенін таспаға тартып алған. Аталмыш зерттеу жобасының жетекшісі На Цзиннің айтуынша, визуалды көрудің жаңа технологиясы екі фотонды, флуоресцентті микроскоп пен осы заманғы микроскопта қолданылатын оптикалық лазерлік сканерлеу тетігін біріктірген. Гипотетикалық тұрғадан алсақ, оның жұмыс істеу жылдамдығын секундына 3000 түсірілімге дейін арттыруға болады.

Синапс — бір нейронның өзге нейронды қоздыру немесе басып тастау үшін нейротрансмиттер босатылатын орын. Бұл зерттеудің мақсаты мидағы нейрондардың өзара әрекетін зерделеуге саяды. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұл өз кезегінде бас ауруларының себебін, соның ішінде нейродегенеративті ауруларды анықтауға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат