Жоғары технология экономикаға кері әсерін тигізеді
Жоғары технология экономикаға кері әсерін тигізеді
7 жыл бұрын 3618 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Alibaba Group компаниясының іргетасын қалаған Джек Маның айтуынша, ондаған жылдарға созылған ғаламтор мен жоғары технология әлемдік экономикаға кері әсер етеді. Яғни, жағымсыз салдары болады. Ол бұл мәлімдемесін қытай кәсіпкерлері клубының мәжілісінде айтты. Бұл жайында CNBC ақпарат көзі хабар таратты. 

"Алдағы 30 жылдың ішінде әлем игіліктен гөрі күйзеліске көбірек душар болады",- деді ол мәлімдемесінде. Миллиардердің сөзіне қарағанда, роботтар адамдарды алмастырады, тіпті, басқару қызметін де өздері атқаратын болады.  

Автоматтандыру процесінің қарқынын бәсеңдету үшін білім беру жүйесіне реформа жүргізу қажет. Тарқатып айтқанда, роботтармен өзара іс-қимылды үйлестіруге күш салу керек. Адамзат бұл кедергіден өтуі үшін миллиардер осындай пікір білдірді. Машина адамдарды ығыстырмауы керек: олар тек адам қолынан келмейтін нәрселерді ғана орындауы тиіс. "Тек осылай еткенде ғана машина адамның серігіне, қолқанатына айналады",- деді ол. 

Миллиардер дәстүрлі бизнестегі электрондық коммерцияның ықпалын айта келіп, осыдан 15 жыл бұрын ғаламтордың барлық индустрияға теріс әсерін тигізетінін айтып, дабыл қаққанын, алайда, өзінің бұл жанайқайына ешкімнің құлақ аспағанына, өйткені, ол кезде өзінің бүгінгідей миллиардер болмағанын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат